Bugin
Фото: depositphotos.com
АҚШ-та мұғалім 15 жастағы оқушысын 2 ай бойы мектепте зорлаған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі rambler.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мұғалімнің күйеуі оның заттарынан сексуалдық сипаттағы жазбаларды, сондай-ақ студентпен хат алмасуды тапқаннан кейін басталған. Күдіктінің енесі полицияға хабарласқан.
Тергеушілердің айтуынша, 23 жастағы мұғалім мен 15 жастағы оқушының қарым-қатынасы кем дегенде екі айға созылған. Жұп кейбір кездесулерін мектепте өткізген. Әйел қазір қамауға алынған.