Bugin
Фото: depositphotos.com
Кісі өлтірді деген күдікпен Душанбе қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Тәжікстанның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство хабарламасында:
“23 наурызға қараған түні түнгі сағат екілер шамасында әйел күйеуімен ұрысып қалған. Жанжал кезінде ол пышақты алып, 38 жастағы күйеуін пышақтап кеткен”, - делінген.
Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған. Күдіктіге қатысты ТР Қылмыстық кодексінің 104-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр.
Жанжалдың себебі, оқиғаның басқа да мәліметтері департаменттің хабарламасында айтылмайды.