Bugin
Фото: freepik.com
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенат кулуарында Қазақстанда мопедтерді басқару қағидаларын қатаңдату жөніндегі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
"Заңның екінші пакеті қабылданғаннан кейін түбегейлі өзгерістер болады. Біріншіден, барлық мопедтер қозғалтқышының көлеміне қарамастан, ол көлік құралы болып саналады. Оны басқару үшін жүргізушінің жасы 16-да болуы керек және A1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет",- деді Игорь Лепеха.