Bugin

“20 жыл”: Қытайлық миллионер байлығын ұлынан жасырып келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Weibo/Bilibili

Қытайлық миллионер Чжан Ю Ду 20 жыл бойы өзіне тиесілі активтерін туған ұлынан жасырып келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

51 жастағы ер адам Malia Prince тағамдар компаниясының негізін қалаушы екені белгілі болды.

Чжан Ю Ду миллионердің ұлы әкесінің компаниясы бар екенін білсе де, өте қарапайым жағдайда өсті. Алайда, бала нақты мән-жайды білмеген. Әкесі ұлына бизнесті сақтап қалу үшін үлкен қарызға батқанын айтқан.

24 жастағы Цзы Лу Хунань провинциясындағы ең жақсы мектепті бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін, әкесіне қарыздарын өтеуге көмектесу үшін жұмыс табуды армандайды. Кейін жас жігіт әкесімен ашық сөйлескеннен кейін қаржылық әл-ауқаты туралы біледі. Осылайша бай отбасы 10 миллион юань (670 миллион теңге) тұратын сарайға көшті, ал кіші Чжан әкесінің компаниясында жұмыс істей бастады.Жігіт өзін лайықты көшбасшы ретінде көрсеткен жағдайда компанияға иелік ететіні айтылған.