Bugin
Фото: ашық дереккөз
Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы тұңғыш рет Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығарды, онда 60 мыңнан аса сөз қамтылған. Бұл туралы өнер жұлдызы Димаш Құдайберген мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
"Бұл – 60 мыңнан аса сөз қамтылған, жалпы 1300 беттен тұратын үлкен еңбек. Сөздікті жасауда дүние жүзіне танымал Oxford сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынған. Әлемдегі аса беделді Oxford University Press баспасының қолдауы және ресми қатысуымен басылған",- деп қуанышты жаңалықты жеткізді ол.
Әншінің айтуынша, сөздік құрастыру 4 жыл жүріп, оған Қазақстандағы кәсіби лингвистер мен ғалымдар, білікті аудармашылар мен редакторлар, жалпы 50-ден аса маман қатысты.
"Ағылшын тілінің белсенді қолданушысы ретінде сөздікпен танысуға, оны күнделікті пайдалануға шақырамын! Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының бастамасына сәттілік тілеймін! Тіліміздің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейтетін осындай аса маңызды, нақты жобаларға қолдау білдірейік!",- деп жазды Димаш.