Bugin

“Айкөркемнің ісі”: әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қайта қаралды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты істі қарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

2023 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласының бірінші сатыдағы соты сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ақтау үкімін шығарды.

Бас әскери прокуратураның наразылығымен іс Астанада қаралып, бірінші инстанциядағыдай "құпия" деген белгімен жабық есік жағдайында қаралды.

"ҚР Әскери сотының сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарды, оған сәйкес ҚК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша Ж. кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылып, 7 жылға сотталды",- делінген Жоғарғы сот мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, сот алқасы ҚР Қорғаныс министрінің атына әскери қызметшілердің жол берген заң бұзушылықтары, сондай-ақ оларды жою және одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау үшін қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы жекеше қаулы шығарды.