Bugin

“Ресейдегі теракт”: сот сегізінші адамды қамауға алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Мәскеудегі Басман соты "Крокустағы" теракт бойынша сегізінші адамды қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Тергеушілер Алишер Касимовты қамауға алуға өтініш берген. Сот бұл өтінішті қолдады. Күдікті 22 мамырға дейін қамауға алынды. Оған дейін тергеу шаралары атқарылады.

Сотта Касимов пәтерді "Авито" арқылы жалға бергенін мәлімдеді. Бірақ болашақ террористерге тұратынын білмеді.

Мәліметтерге сәйкес, Касимов Қырғызстанда туған. Ресей азаматтығын алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, дәмхана ашқан. Сол жерде өзі де істейді. Красногорсктың жанындағы Путилково ауылында тұрады. Орта білімі бар. Үш баланың әкесі.

Бұған дейін Басман соты 62 жастағы Исроил Исломовты және оның екі ұлы – Диловар мен Аминчонды екі айға қамауға алуға шешім шығарған. Диловар Renault көлігінің соңғы иесі болған. Айтуынша, оны ақпан айында сатып жіберген. Бірақ сақтандыру полисі өз атында қалды. Дәл осы көлікпен лаңкестер оқиға орнынан қашып кеткен.

Тергеу комитетінің мәліметіне сәйкес, теракт жасағандардың бірі – Шамсидин Фаридуни қаңтар айында қылмыстық топқа Аминчон Исломовты, ал наурызда Диловарды тартқан.