Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыда 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адам жазаға тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
“Бүгін Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлау фактісіне қатысты іс бойынша соңғы сот отырысы өтті. Ер адам өмір бойына, оның әйелі (3 жасар қыздың әжесі және 9 жасар қыздың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп жазды бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.
Алматы облысында 40 жастағы ер адам үш жасар егіз қыздар мен 9 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген болатын.