Bugin

Мектеп директоры оқушылардан орамалын шешуді сұрағаны үшін жұмыстан шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Хабар 24

Францияда директор оқушылардан орамалын шешуді сұрағаны үшін жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Guardian-ға сілтеп.

Ақпан айында мектеп директоры үш оқушыдан мұсылмандық орамалдарын шешуді сұраған.

Морис Равел лицейінің директоры сол кезде директор үш оқушыдан мектеп аумағында орамалды шешуді сұраған. Алайда оқушылардың бірі бұл талаптан бас тартқан. Нәтижесінде олардың арасында қызу айтыс пайда болып, кейіннен мектеп директорына интернет арқылы өлім қаупі төніп тұрғаны туралы хабарламалар келген.

Мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға және ата-аналарға жіберілген электрондық хабарламада директордың «қауіпсіздік мақсатында» жұмыстан кетуге шешім қабылдағаны жазылған. 

Жанжалдан кейін директорға ғаламтордан "өлтіремін" деп қорқытқан 26 жастағы ер адам деп күдіктелуде.