Bugin

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт. Тағы бір күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Фонтанка

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" ғимаратында теракт ұйымдастырды деп күдікке ілінген тағы бір адамды ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 1 tv.ru-ға сілтеп.

"Тергеудің бастапқы нәтижелері лаңкестердің іс-әрекеті жоспарланғанын, қылмысты ұйымдастырушылардың мұқият дайындалғанын әрі қаржылық қолдау көрсетілгенін толық растайды. Ұсталған лаңкестермен жұмыс істеп, олардан тәркіленген техникалық құрылғыларды зерделеу нәтижесіне және қаржылық операциялар туралы ақпаратты талдауға сәйкес, олардың украиналық ұлтшылдармен байланысы барына айғақ табылды", – делінген Ресей Тергеу комитетінің Telegram арнасындағы хабарламасында.

Александр Бастрыкин комитетте "терактіні ұйымдастырушылар қылмысқа дайындалу кезінде Украинадан түскен қомақты қаражат пен криптовалюта пайдаланғаны туралы расталған мәліметтер" бар екенін айтады. Теракт ұйымдастырды деген айыппен тағы бір күдікті ұсталғаны белгілі болды.

 "Терроризмді қаржыландыру схемасына қатысы бар тағы бір күдікті анықталып, ұсталды. Тергеу тарапы соттан оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдануды сұрайды", – делінген хабарламада.