Bugin

Астанада шұғыл медициналық көмектің жетекші орталығы іске қосылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz 

ҚР Денсаулық сақтау министріне 200 төсекке есептелген Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жаңа көпбейінді ауруханасы ұсынылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жоба шұғыл медицина, инсульт проблемалары, күрделі акушерлік, полижарақат және трансплантология бойынша 5 республикалық үйлестіру орталығын құруды көздейді.

Сонымен қатар, 27 бейіні бар 7 клиникалық орталықты, оның ішінде акушерлік орталығы, нейроорталықты, кардиоорталықты, полижарақат орталығын, ішкі аурулар орталығын, хирургия орталығын және септикалық хирургия орталығын құру жоспарлануда.

Жаңа аурухана еліміздің азаматтарына медициналық сараптама мен денсаулық сақтаудың нағыз орталығына айналады.

Астана қаласында көпбейінді аурухана салу жөніндегі жобаны іске асыру Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудағы маңызды қадам болып табылады, медициналық көмектің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, халықтың барлық топтары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.