Bugin

Елордада ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Өз сөзінде Н. Байбазаров атап өткендей, ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашу мақсатында ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Іс-қимыл жоспары бекітілді. 

2023 жылы ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын іске асыру 

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 771 ауылда 194 млрд теңгеге 1,8 мың жоба іске асырылды 

113 млрд теңгеге 4,9 мың сумен жабдықтау және су бұру объектілері салынды 

85 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері салынды 

176 ауыл HotSpot Wi-Fi технологиясына қосылған 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 79 млрд теңгеге 12,7 мың шағын несие берілді 

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бюджеттік кредит мөлшері 1 500-ден 2 500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды 

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру 

2019-2023 жылдары 524 млрд теңге бөлініп, 1,8 мың тірек және спутниктік ауылдарда 5,4 мыңнан астам жоба іске асырылды 

Бұл ТКШ саласындағы 578 нысанды, 1,7 мың әлеуметтік нысанды және 3 мыңнан астам кентішілік жолдарды салу мен жөндеуге мүмкіндік берді 

Ағымдағы жылы 179 млрд теңге бөлінді, 500-ден астам ауылда 1,4 мың жобаны іске асыру жоспарлануда 

«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру 

2009-2023 жылдар аралығында ауылдық жерлерде 105 мыңнан астам маман 20,3 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның ішінде 48 мыңнан астамы 160,4 млрд теңге сомасына тұрғын үй алды. 

Ағымдағы жылы 25 млрд теңге қарастырылған, бұл 3,1 мыңға жуық маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді 

«Ауылдардың экономикасын қарқынды дамыту үшін ауыл бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту қажет. Осы мақсатта Бюджеттің IV деңгейіндегі кірістерін 2,5 есеге арттырып, 167 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарлануда», - деп айтты министр.