Bugin

Нүкенова мен Бишімбаев ресейлік психологтарға 15 мың доллар төлеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасына психологқа қаралуын өтінген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Салтанат Нүкеноваға күйеуі Қуандық Бишімбаев отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткеннен кейін ағасы одан ажырасуды және психологтардың көмегіне жүгінуі керек екенін айтып, мамандармен байланыстырмақ болған.

Бірақ олар Айтбек Амангелді ұсынған мамандардың көмегіне жүгінуден бас тартқан.

"Бишімбаев психологтың Қазақстаннан болғанын қаламады. Олар ресейлік психологқа жүгініп, оған 15 мың доллар төледі",  - деді Айтбек Амангелді.