Bugin

Елорданың су тасқынына дайындығы қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада су тасқыны қаупіне дайындық жоғары, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Бақытжан Мәуленбердиев елорданы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындау туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша 2023 жылдың қыркүйегінде қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелері комиссиялық тексерілді, 20 учаске бойынша аудан әкімдеріне қажетті шараларды қабылдау туралы ұсынымдар (каналдарды тазалау және төсеу, арық-науа жүйесін орнату және т.б.) берілді. 1 ақпаннан бастап жұмыс қайта жалғасты.

Бұдан бөлек, қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды, тұрғын үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын тапсыра отырып, ықтимал қауіпті учаскелерде 120 рейд жүргізілді.

«Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер қаладан 6,5 млн текше метрден астам қар шығарды, 55 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 9 мыңнан астам метр коллекторлар, 2 мың дана жаңбыр қабылдау құдығы тазартылды, 6 мың сызықтық метр құбырлар буланды. «Астана Тазалық» базасында көлемі 2,5 мың (2213 текше метр) текше метр құм және ағаш (135 м3) инертті материалдар қоры дайындалды, тағы 11 мың текше метр инертті материалдарды (9 800 м3 құм және 1 943 м3 ағаш) жеткізу туралы келісімшарт бар», - деді Бақытжан Мәуленбердиев.

Су тасқыны құбылыстарына уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 599 адамынан, 156 бірлік техникадан, 65 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды.

ТЖ департаменті мынадай қауіпсіздік шараларын еске салды:

  •  үй маңындағы аумақтан көшенің жол бойындағы бөлігіне қарды уақтылы тазалау;
  • • үйден ағынды суларға немесе су өткізгіш құбырларға су бұрғыштар орнату;
  • • су сорғыштарды: тұрмыстық электр сорғылары, шелектер, күректерді және т.б. алдын ала қарастыру;
  • • су басқан жағдайда iKomek қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығына «109» нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.