Bugin

Нүкенованың өлімі: Камерадағы жазбаларды өшірген куәгер маңызды ақпарат айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотл: Видео скрині

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта Гастро орталықтың жалға беру бөлімінің басшысы Қалмұрат Молдақаш куәлік етіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

13:00-де орталықтың бірінші қабатында бәрі жұмыс істеп тұрды. Ал 2-ші қабатта ешкім жоқ болды. Сонда мен әкімші Гүлзада Исмаиловадан ресторанның неге ашылмағанын сұрадым. Ол "Бау" ресторанында санитарлық күн деп айтты. 14:00-де кабинетке Гүлзада келіп "Бақытжан Байжан хабарласып, Гастро орталықтағы бейнекамералардағы жазбаларды өшіру керек", - деп айтты. Гүлзада Бақытжан Байжанға хабарласты. Кейін Бақытжанның өзі кабинетке келіп, менен көмектесуін өтінді, - дейді Қалмұрат Молдақаш.

Куәгердің айтуынша, орталықта арнайы ІТ мамандары жұмыс істемеген. Сондай-ақ орталық басшысы Бақытжан Байжан мен әкімші Гүлзада Исмаилова өзін өте байсалды ұстаған.

Гастро орталықта жүйелік администраторлар жұмыс істемейді. Сондықтан біз диспетчерлік кабинеттің кілтін алып, камераларды Гүлзада ашып, маған көрсетті. Бақытжан Байжан Гүлзадаға барлық бейнежазбаны өшіруді тапсырған. Сондықтан бейнежазбаларды біртіндеп өшіре бастадым. 15 минутта бәрін өшіріп тастадым. Сол кезде қасымда Гүлзада болды, кейін Бақытжан Байжанның өзі келді. Кейін бәрін өшіріп, кабинетті кілттеп, өз жұмысыма оралдым, - дейді куәгер.