Bugin

Ұлын судан құтқармақ болған ер адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Маврикийде ұлыбританиялық турист дауыл кезінде теңізге кетіп қалған баласын құтқармақ болып өзі ажал құшты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Дереккөздің ақпаратына сәйкес суға сүңгіген 49 жастағы ер адам аралдың оңтүстік жағалауындағы Помпонетт лагунасында толқындардың арасына түсіп, ғайып болған. Абырой болғанда оның 15 жастағы ұлы жағаға шығып үлгерген.

23 және 24 наурызда ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына Жағалау күзеті мен полиция тікұшағы да тартылды. 26 наурызда ұлыбританиялықтың қаза болғаны белгілі болды.