Bugin

Елордада студенттерге есірткіге қарсы дәріс ұйымдастырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Астанада полиция қызметкерлері Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттеріне есірткіге қарсы дәріс ұйымдастырды. Шақырылған спикер күш нөмірлері бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы Сергей Цырульников болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара «2023-2025 жылдарға арналған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі Кешенді жоспардың» тармақтарын іске асыру шеңберінде және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор күштерімен елордада есірткіге қарсы шаралар мен профилактикалық жұмыстарды ықпалдастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Елордалық департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні қолданудың, қылмыстық жауапкершіліктің салдары, сондай-ақ ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтты.

Студенттер Сергей Цырульниковке оның мәнсабы, болашақ мақсаттары мен жоспарлары туралы түрлі сұрақтар қойды.

Дәрістен кейін студенттердің өтініші бойынша іс-шара қонақтарымен бірге «Астана – есірткісіз қала!» республикалық жастар челенджі шеңберінде видео үндеу түсірілді.