Bugin

Ер адам WhatsApp арқылы тұрғындарды 1,5 млн теңгеге алдаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay 

Жетісу облысының полициясы WhatsApp арқылы азаматтарды 1,5 млн теңгеге алдаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған тұрғыны WhatsApp мессенджерін пайдалана отырып, жасалған салымды екі еселеуге жалған уәде берген. Алаяқ WhatsApp арқылы топ құрып, аңғал азаматтарды сендірген. Банк картасының деректемелерін жібере отырып, ер адам құрбандарына он күннен кейін табыс келеді деп уәде берген.

"Өкінішке қарай, азаматтардың арасында алаяқтың айла-амалдарына көніп, оның талаптарын орындап, қаражатты бірден аударғандар болды. Қысқа уақыт ішінде миллион теңгеге жуық кіріс алып, алаяқ материалдық пайда көру мақсатында, осындай тағы бір топ құрған. Бұл жолы ол 600 мың теңгеге байыған", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті.