Bugin

“546 мың теңге“: Қызылорда облысында әйел егіз баласын сатып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қызылорда облысында әйел жаңа туған нәрестелерді сатып жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы Д. егіз баласы болатынын біліп, оларды сатуға шешім қабылдаған. Қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін өзінің достары ерлі-зайыпты Ж. және К.-мен кездесіп, босанғаннан кейін балаларын ақшаға беруге келісетінін айтқан.

“Келісім бойынша ерлі-зайыптылар айыпталушыға 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары үшін дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін 60 000 теңге аударған. 2023 жылдың сәуір айында босанғаннан кейін айыпталушы жаңа туған балаларын ерлі-зайыптыларға тапсырып, 200 000 теңге алған. Содан кейін “сатып алушылар” келіскен соманы бөліп төлеуге келісіп, оған 252 000 теңге және тағы 34 000 теңгені бөлек аударған. Осылайша, айыпталушы Д. ерлі-зайыптылардан небәрі 546 000 теңге алған", – делінген хабарламада.