Bugin

Еліміз бойынша 31 наурызға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Синоптиктер Қазақстан бойынша 31 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне және циклон әсеріне байланысты тұрақсыз ауа райының құбылысы сақталады, негізінен жауын-шашын болады деп болжанады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, атап айтқанда, қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігінде тұман түседі, оңтүстік шығысында найзағай ойнайды, солтүстік батыста, солтүстікте, орталықта көктайғақ болады деп болжанды",-делінген хабарламада.