Bugin
Фото: ашық дереккөз
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлады Bugin.kz порталы Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Мәжіліс кулуарында журналистер министрге "Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр? Ол емін-еркін бір іс-шарада жүр деген ақпарат бар. Бұл мәлімет рас па? Ол қайда, жазасын қалай өтеп жатыр? Неге видео, фото жоқ?" деген сұрақ қойды.
Ал Ержан Сәденов Мәсімовтің түрмеде жазасын өтеп жатқанын атап өтті.
"Ол сотталған, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Оны (Кәрім Мәсімовті – авт.) неге көрсетуіміз керек? Колонияға кірудің өз рәсімі бар. Адам құқығына қатысты бюро бар", - деді министр.