Bugin

"Адам өлтіруге оқталу". Қарағандыда атыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

Қарағанды облысында белгісіз біреулер атысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Агенттіктің мәліметінше, атыс Шет ауданы, Ағадыр ауылында болған.

Қарағанды облыстық ПД оқиға салдарынан бір адамның жарақат алғанын растады.

"31 наурызда Ағадыр кентіндегі емдеу мекемесіне жергілікті тұрғын аяғын шолақ мылтықпен жарақаттап келген. Полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.