Bugin
Фото: aikyn.kz
Ақтөбеде су басқан ауылда жүкті келіншек мерзімінен бұрын босанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Нұра ауылын су басқан.Тасқынның салдарынан жол жабық.
Ауыл тұрғыны 36 аптасында толғатып, дәрігер шақырған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіберген акушер- гинеколог, анестезиолог-реаниматологтен құралған бригада судың салдарынан межелі жерге дейін бара алмады.
Ауыл дәрігерлері жүкті келіншекті өз бетінше босандыруына мәжбүр болған. Дәрігерлердің арқасында салмағы 2800 г және 3050 грамм болатын екі қыз бала дүниеге келді.
Қазіргі уақытта Ақтөбелік ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы екені айтылды.