Bugin

"Адамдар көз жұмған". Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скрин

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болып, адам шығыны орын алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қарағанды қаласы ПБ көліктердің айналма жолда бетпе-бет соқтығысқанын мәлімдеді.

Mercedes-Benz жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, салдарынан 5 адам көз жұмған.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуды және жол ережелерін бұзбауды ескертті", – деді Қарағанды қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.