Bugin

"Ауылын су басқан": мерзімінен бұрын толғатқан келіншек ерекше жағдайда босанды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы су басқан Нұра ауылында әйел жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен бұрын босанды.Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Денсаулық сақтау Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ауыл аудан орталығынан 90 км қашықтықта орналасқан. Тасқынның салдарынан жол жабық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіберген акушер - гинеколог, анестезиолог-реаниматологтан құралған бригада межелі жерге дейін бара алмады.

Ауыл дәрігерлері ананы өз беттерінше босандыруына тура келді. Жүкті әйел дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің қатысуымен әйел сәтті босанды. Салмағы 2800 грамм және 3050 грамм болатын екі қыз дүниеге келді.

Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Қорғаныс министрлігің тікұшағы ана мен баланы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізді.

Оқиғаны осы сілтемеден көре аласыздар.