Саясат
Қазақстан президент сайлауына екі мәрте түскен еді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Сайлауға өзім түсемін. Егер мені қазір өткізбесе, өзіме ұнайтын кандидаттың командасына қосыламын. Қалай болғанда да мен бұл сайлауға қатысамын. Қажет болса, өңірлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын өзім жүргіземін", - деді Елеусізов.
Ол президент тағына таласуға заңды құқығы бар екенін айтып, өзінің қоғамдық ұйымы 90-шы жылдардың басында тіркелгенін еске салды.
"Маған тосқауыл болмауға кеңес беремін", - дейді ол.
Айта кетсек, Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына екі мәрте түсті: 2005 жылы 0,28% дауыс жинаса, ал 2011 жылы – 1,15%. 2011 жылғы сайлауда ол Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, журналистерге бюллетенін көрсеткен еді.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Президенттікке кандидаттарды елімізде тіркелген саяси партиялар мен републикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынуға құқылы. Үміткерлерді ұсыну 10 сәуірде басталды, енді ол 28 сәуір 18:00-ге дейін жалғасады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61