Bugin

Маңғыстауда 2 жасар қыз көшедегі әжетханаға құлап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр. Lada.kz

Оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Екі жасар қыз бір үйдің ауласындағы дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Құтқарушылар жеткенше қыздың туыстары оны өз күштерімен алып шығып үлгерген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі lada.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облыстың төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларына қоңырау 31 наурыз күні сағат 13:12 шамасында түскен.

Оқиға Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінің ауласында болған. Екі жасар қыз дәретхана шұңқырына құлап кеткен.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті:

"Құтқарушылар жеткенше бала өз бетімен құтқарылды", - деп хабарлады.

Қыздың аман қалған сәті видеоға түсіп қалған.