Bugin

Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

© Sputnik / Болат Шайхинов

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотта Қайрат Сатыбалды ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату (ҚК-нің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша айыпталды. Отырыста прокурор айыптау актісін оқыды.

"Қ.Сатыбалды өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады.

Ал алдын ала тыңдау барысында қорғаушы тарап кінәсін мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат берді.
Осыған байланысты сот процестік келісімді жасау мәселесін шешу үшін уақыт берді.
Сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді",-делінген ведомство хабарламасында.