Bugin

"Халыққа тізе батып кеткен": облыс әкімі ащы шындық айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: баспасөз хабарламасынан

"Jibek Joly" телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды. 

Журналист Бейбіт Исабаевқа "Сіз Жетісу облысына қаңтар оқиғасынан кейін келдіңіз. Қаңтар кезінде алаңға ең көп шыққан өңірдің бірі Талдықорған қаласы еді. Неге Талдықорғанда осылай болды? Анализ жасап көрдіңіз бе?" – деген сұрақ қойды.

 

"Қамалған күдікті адамдарды үтікпен  басты, тергеу изоляторында адам өлімі болды, облыстық полиция департаментінің басшысы қашып кетіп, ұсталып, сотталды. Облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы сотталды.  Бізде бұрынғы мемлекет басшысының ескерткішін құлатты. Оның бәрі неге деп ойласам, біздің облысымыз бір жанұяның қаржылық мүддесіне айналып кеткен", - деді.

Жүргізуші Ерболат Мұхамеджанның "халық шаршаған ба?" деген сұрағына облыс әкімі "халық шаршаған" деп жауап берді.

"Халықтың наразылығы өте жоғары болған. Менің соған көзім жетті. Халыққа тізе батып кеткен", - деп нақтылады облыс әкімі.