Bugin
Фото: depositphotos
Жамбыл облысы Меркі ауданында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісі 2 балды құраған.
ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі сағат 11:14-те жер сілкінісі тіркеді.
Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 5.3. Эпицентрдің координаттары - 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. Тереңдігі - 25 км", делінген хабарламада.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке кентінде - 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.