Bugin

Ақтау тұрғыны теракт жасамақ болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Ақтауда террактінің алдын алды, деп хабарлайды Bugin.kz поталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 сәуірде Ақтауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдары "терроризм жасауға дайындалу күдігі" бойынша жергілікті тұрғынды ұстаған.

"Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде денсаулықты зақымдайтын жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер табылған. Ол бұрын адам өлтіргені үшін сотталған, радикал діни идеологияны ұстанушы екені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.