Bugin

"23 жаста": "Алматы-Өскемен" тасжолында көлік көпірден құлап, жүргізуші көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Абай облыстық ПД

Республикалық "Алматы-Өскемен" тасжолында көлік көпірден құлап, 23 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Апат "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысына қарасты аумағында тіркелген. Жолдың 976 шақырымында келе жатқан "Lada Kalina" маркалы автокөлігі көпірден құлап кеткен.

"Ер адам рульді басқара алмай қалып, металл қоршауларға соқтығысып, көпірден құлады. 23 жастағы жүргізуші сол жерде қаза болды", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте полицейлер жүргізушілерден жол ережесін сақтауға, жолда барынша абай болуға шақырды.