Bugin
Сурет: Zakon.kz
1 сәуірде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
"Біреудің ұсталып, тексеріліп жатқаны туралы хабар қалыпты жағдай. Біздің азаматтардың өзімен бірге құжаттары және белгілі бір елде болу мақсаты болғаны дұрыс. Елшілікте біреудің ұсталғаны және заңсыз ұсталды немесе басқа да шағымдар туралы әлі хабарласқан жоқ. Егер тексерулер болса, онда бұл жай ғана тексерулер болды", - деді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ жеке құжаттардың азаматтардың қолында болуын ескертті.
"Көшеде жүргенде өздеріңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжаттарыңызды алып жүріңіздер. Ресейде қазір тексерістер жүріп жатыр", - деп ескертті.