Bugin

Павлодар облысында екі адамды көлік қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Павлодар облысында екі адамды көлік қағып кетті, жаяу жүргіншілер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

29 наурызда Павлов көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде Skoda Octavia маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сол күні Екібастұз қаласында сауда үйлерінің біріне қарама-қарсы тұрған Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

"Екі жағдайда да жаяу жүргіншілер қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, рұқсат етілмеген жерлерде жолды кесіп өтті. ЖКО салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полиция департаменті.