Bugin

Бетперде киген жігіт тағы бір отбасыға үй сыйлады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Әлеуметтік желіде "Бетперде киген адам" атымен танымал қайырымды жігіт тағы бір отбасыны қуантты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Оралдық жігіт 14 жыл бойы еден жуатын жалғызбасты анаға үй сыйлады. Пәтер жалдап тұратын келіншектің 3 баласы бар. Бір қызы дертке шалдыққан. Бетпердедегі жігіт қыздың еміне де қаражат жинап берді. 

"Біз өзіміз немесе жақынымыз ауырған кезде бір ғажайыпты күтеміз ғой. Ол ғажап сәтті бізге Алла ғана береді. Сондай ғажайып бүгін сізге бұйырды",- деп жігіт жалғызбасты анаға үйдің кілті мен қомақты қаражатты ұсынды.