Bugin
Фото: Тұрсынбек Қабатовтың желідегі парақшасынан
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол көмекке 1 млн теңге қаржылай көмек көрсетті.
"Су тасқынынан зардап шеккен Үрпек ауылының тұрғындарына Тұрсынбек Қабатов 1 млн теңге қаржылай көмек берді. Тұрсынбек пен Мөлдір қарындасымызға мың алғыс. Балаларыңның қызығын көріңдер", – делінген әлеуметтік желіде тараған видеода.
Видеоны әлеуметтік желіде Айгүл Мұқанова күйеу баласы Тұрсынбек пен сіңлісі Мөлдірдің ісіне ризашылығын білдірді.
"Есепсіз таза ниеттері үшін де риза болдым. Әкем мен анам көзі тірі болғанда қара шаңырақта отырар ма еді? Өкінішке қарай, ол кісілер жоқ. Бірақ ауылымыз бар, көңілге медеу. Ауыл ақсақалдарынан келіп жаткан ақ бата, ризашылығын естіп, "аумин" деп отырған жайым бар", – деп жазды.