Bugin
Фото: ortcom.kz
Мектеп оқушысын соққыға жыққандар сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Екі жасөспірім 13 жастағы мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққан.
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты олардың 6 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтады.
2023 жылдың шілдесінде павлодарлық университеттердің бірінің стадионында екі жасөспірім 13 жастағы оқушыға шабуыл жасап, оны аяусыз тепкілеп тастаған.
"Айыпталушылардың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен және тағы басқасымен арқылы дәлелденді. Прокурор сотталушыларды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші мен оның заңды өкілі прокурордың пікірін қолдады. Кәмелетке толмаған сотталушылар денсаулығына ауыр зиян келтірумен келіспей, кінәсін ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады", - деп хабарлады Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.