Bugin

“Жалақы түсіп жатыр”. “Майқайың-Алтында” денесі табылмаған марқұмның отбасы әділдік іздейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Майқайың-Алтын ұғңымасында жоғалып кеткен екі құтқарушы әлі де жалақыларын алып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Марқұмдардың туыстары жоғалғандардың әлі де қызметкер ретінде есепте тұрғанын айтады.

Алайда, бұл жағдайға отбасы риза емес. Олар мәйіттерді іздеуді қайта бастауды талап етіп, Астанаға келген.

Жоғалған 36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерденнің артында ата-анасы мен бес баласы қалды. Майқайың-Алтындағы қайғылы оқиғадан кейін марқұмның 61 жастағы әкесі екі рет инсульт алып, Астанаға келе алмаған.

Ал жеті жасар ұлы Ерсұлтан Астанаға алғаш рет келіп отыр. Бала әкесінің елорданы көрсетуге уәде бергенін есіне түсіріп, көзіне жас алған.

"Күніміз бен түніміз жылаумен өтеді. Қарт әкесі инсульт алған, ал анасының қан қысымы көтерілген. Жалғыз ұлы жоқ. Оны дұрыстап жерлей де алмаймыз", - деп жылайды марқұмның әйелі Нұрсұлу Шаймерден.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысында "Майқайың-Алтын" АҚ аумағында төрт жолаушысы бар автобус ағынды суларды тазарту алаңына құлап кеткен болатын. Қаза тапқан екі адамның денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Бірақ құтқарушы Айдос Шаймерден мен құтқару жасағының жүргізушісі Айып Тілеубергенов әлі табылған жоқ.

Жердің опырылып қалу қаупіне байланысты оларды іздеу жұмыстары да тоқтатылды.