Bugin
Скриншот/Google Карт
Алматыдан 108 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 2 сәуірде Астана уақытымен 08:56-да тіркеген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,1, MPV магнитудасы - 4,4", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмегені айтылды.