Bugin

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. depositphotos

Синоптиктер ертең, 2 сәуірде Астанада және тағы сегіз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.