Bugin

"Әкем – жаман адам": Бишімбаевтың қызы Нүкеноваға хат жазған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

2 сәуір күні Нүкенова Салтанатты өлтірген күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев алғаш рет қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. Бірақ кейбір сөздерінің шындыққа жанаспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сот залында берген түсініктемесінде Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында түсінбеушілік болғанын айтқан. Сондай-ақ, бұл оқиғаға  Салтанат кінәлі деп жеткізді. Дегенмен, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман өзінің инстаграм парақшасында Бишімбаевтың айтқанын жоққа шығарды.

Ол Салтанатпен арада ешқандай дау дамай, кикілжің болмағанын айтып, тіпті хат алмасқандарын көрсетті. 

Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіден

Сондай -ақ Назым ханым балаларының да Салтанатпен жақсы қарым - қатынаста болғанын жеткізді. Арада жарты жылға жуық уақыт өтсе де, кішкентай қызы телефонды алып Салтанатқа хат жазатынын айтты . 

Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіден

"Мен қатты сағынып жүрмін. Әкем – жаман адам. Әйелді ұру – сұмдық әрі ұят! Сізді жақсы көремін", деген  хабарламада.