Bugin
Фото: әлеуметтік желіден
Тележүргізуші Дина Төлепберген инстаграм парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Мен - әйелмен, сондықтан әйелдердің қауіпсіз, бейбіт өмірі үшін күресемін" деген рухты сөздермен видео жариялады.
"Өлтіріп, артынан асылық айту - еркекке тән тірлік пе? Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев марқұмның махаббат тарихын аяусыз айтып, өзін ақтап, халықты адастыруға тырысып жатқандай... Неге судья ерік береді оған?
Сотта әділетсіздік болып жатқанын айтты.
Салтанаттың ата-анасына, ағасына қаншалықты қиын екенін айтпағанда, сырттай бақылап отырған біздер бұлқан-талқан болып отырмыз. Ол не десе, о десін. Бірақ біз, әйелдер, бірігіп, бір ойдан айнымайық!" - деп жазды.