Bugin

"Қиындатпаңыздар": Үкімет басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан халқына су тасқыны туралы үндеу жасады. Бұл мәселе бүгін үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Үкімет басшысы қазақстандықтардан құтқарушыларға көмектесуді және олардың жұмысын қиындатпауды сұрады.

"Маған баяндама бойынша, тұрғындардың мұндай қажеттілік жоқ деген сенімінен эвакуациялау жұмыстары қиындап жатқаны айтылды. Олар су тасқынынан ауыр зардаптар болуы мүмкін екеніне сенбейді. Көріп отырғанымыздай, биыл су тасқыны бұрын-соңды су тасқыны тіркелмеген жерлерде де болып жатыр", дедә Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол тұрғындардан құтқарушылардың нұсқауларын тыңдап, орындауын да сұрады.

"Осыған байланысты, Қазақстан халқын әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламасына аса жауапкершілікпен қарап, олардың нұсқауларын тыңдап, орындауды сұраймын. Бұл өмірді сақтауға көмектеседі. Эвакуация бірінші кезекте сіздердің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бағытталған, құтқарушыларға көмектесуіңізді сұраймын, олардың жұмысын қиындатпаңыз, олар сіздер үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Олжас Бектенов.