Bugin

Синоптиктер Алматылықтарға ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:depositphotos

Қазгидромет синоптиктері Алматы, Астана және тағы үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасады деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"2024 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе, Орал, Алматы қалаларында, түнде Астана мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.