Bugin

Алматыдағы мектепте бухгалтер мен директордың орынбасары 11 миллион теңге жымқырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Алматыда бас есепші мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

"2019 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 миллион теңге көлемінде залал келтірілді", - делінген хабарламада.