Bugin
Фото: ТЖМ
2024 жылы 2 сәуірде Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қайғылы оқиғаның орын алғанын Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаев растады.
"2014 жылы туған бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды",-делінген хабарламада.