Bugin

“Камераға түсірген”: Жасөспірімдер құрдасын аяусыз соққыға жықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркістан облысында мектеп оқушылары құрдасын ұрып-соғып, басынған. Тіпті жасөспірімдер өз әрекеттерін видеоға түсіріп алған. Облыстық полицияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қазнетте тараған кадрларда бір жігіт екіншісін аяусыз ұрса, үшіншісі камераға не болып жатқанын түсіреді.

Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Сарыағаш ауданында бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын түсіндірді.

Кәмелетке толмағандардың жеке басы қазірдің өзінде анықталған. Олар полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.