Bugin
Фото: Сенат баспасөз қызметі
Сенаттың бірінші төрағасы Өмірбек Байгелді қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өмірбек Байгелді – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы болған. (1996-1999 жылдар).
Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.
1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарған.
"Қайраткердің қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз", - делінген Сенаттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.