Bugin

"1 адам қайтыс болды": Бейнеуде газ жарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында жер үйдегі қолдан жасалған жылыту қазандығында газ жарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәлімдеген. 

Қайғылы жағдай 3 сәуір күні түнде болып, бір адам қайтыс болған.

"Жарылыстан Бейнеу ауылындағы үйде бір адам қайтыс болды. Жедел жәрдем зардап шегушіні ауруханаға жеткізгенімен, өлімнен арашалап қала алмады. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне оқиға туралы ТЖ қызметінің қызметкері хабарлады. Апат орнына келген бригада жеке үйде қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады", делінген ПД хабарламасында.

Оқиға туралы аудан әкімдігі мен полицияға хабарланған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, газ ауа таралған. Бұған дейін аталған үйге РҚКО осы жабдықты ауыстыру туралы ескерту берген болатын. Алайда үй иелері бұл ескертуді елемеді. Жазатайым оқиғаның себептері сараптама нәтижелері бойынша анықталатын болады", - деп жазылған ПД таратқан ақпаратта.