Bugin

"Унитазға бетімен құлады": Бишімбаев Салтанаттың өлімі туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушы Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қалай жарақаттанғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Соттың кезекті отырысында күдікті Қуандық Бишімбаев Нүкенованың дәретхананың "унитазына" құлап, жарақат алғанын айтты.

"Салтанат ашу үстінде киімін шеше бастады. Артынша дәретхана ішінде қабырғаға соғылып, ет бетімен унитазға құлады. 10 секунд бойы унитаздың жанында көзін ашып жатты",- дейді Қуандық Бишімбаев.

Кейін дәретханада құлағанынан бөлек ресторан ішінде де бірнеше рет құлап қалғанын айтты.

"Мен Байжановқа екі көрпеше әкелуін сұрадым. Себебі Салтанат киімсіз жатқан. Сол себепті оны сол көрпешеге орап алып шыққым келді. Мен оны орап, қолын шығарып көтеріп алдым. Ол кезде ол (Салтанат) басын көтере алды. Адамдар жұмысқа бара жатқан уақыт. Мен оны қалай үйге көтеріп апарымды білмедім. Байжанов "Мен сіздерді сыртан жауып кетейін, ешкім кірмейді, ұйықтап алыңыздар" деді. Мен келістім. Солай ұйықтап қалдық. Сосын 13:30 - да тұрдым. Салтанатты ояттым, бірақ ол оянбады. Мен оны оятқым келді. Сол уақытта оның бетіндегі көгерген жарақат үлкейе түсті. Мен оны қолмен де, аяқпен де ұрмадым. Оның басына да, аяғынан да ұрмадым. Байжановқа дәріханадан "аспирин" мен "кетонал" алып келші дедім. Ол дәріханаға кетті", - деді Бишімбаев.